Афиша / Данияр Мұқанның Добавить событие
 
 
Кинотеатры Ночные клубы Достопримечательности Музеи и Выставки Концерты Театры Презентации Детям Спорт

Данияр Мұқанның

Данияр Мұқанның
30 сентября 2014
Начало: 19:00

2014 жылдың 30 қыркүйек күні Астана қаласы әкімдігі мемлекеттік филармониясының солисті, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің жеңімпазы, Уфа қаласында өткен «Берзамлек» достық фестивалінің лауреаты, Әміре Қашаубаев атындағы конкурстың жүлдегері,қазақтың дәстүрлі әндерін дәріптеуші, әнші Данияр Мұқанның жеке шығармашылық кеші өтеді.

Қазақтың ән өнері –сонау көне заманнан қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағы. XYII ғасырдың аяғы мен XYIII ғ басында Арқа елінде ертеден дәстүрге айналып, кейінірек әр түрлі себептермен бәсеңдеп қалған сал-серілік өнері XIX ғасырда қайта жаңғырып дами бастады. Қазақ ұлтының мәдениеті тарихында XIX ғасыр ақын-әнші, сазгерлердің өзіндік «Алтын ғасырына» айналып, қазақтың кәсіби өнері – поэзиясының , музыкасының шыңына шыққан кезі болды.

Ақын композиторлардың шығармашылығы қазақ халқының жүздеген жылдар бойы дамыған ән ақындық дәстүрдің саласында жалғасын тауып келеді. Мысалы, Жетісу, Арқа, Батыстың әншілік дәстүрлері қалыптасты. Арқа мектебі қазақы әншіліктің мейлінше дамыған саласы болып табылады. Арқа мектебінің өкілдері деп Біржан, Ақан, Майра Уәлиқызы т.б саңлақтарды атаймыз. Арқа әндері біркелкі ырғақпен айтылады.

Халық әндерін аспаппен сүйемелдеу ежелден келе жатқан өнер. Әнді домбырамен айтудың жолы бөлек. Яғни ән төресі домбырамен ғана шырқалған.

Арқа өңірінің ән айту дәстүрін дәріптеуші Данияр Мұқанның орындауында Біржан салдың, Әсеттің, Иманжүсіптің, Шортанбайдың және халық әндерін тыңдай аласыздар!

Кешке қатысатындар: Астана қаласы әкімдігі мемлекеттік филармониясының «Сарыарқа» ұлт аспаптар ансамблі.Ансамблдің көркемдік жетекшісі: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Хамзин.

Біздің концертті тамашалауға келіңіздер, көріңіздер! 





 
     


Сегодня в кино
Трейлеры
Прайс-лист

Выбор категории:

Скачать прайс-лист



 

 

 

 

 

 

Обратная связь © 1987—2018 Группа компаний «Меломан»