Афиша / Махаббат сиқыры Добавить событие
 
 
Кинотеатры Ночные клубы Достопримечательности Музеи и Выставки Концерты Театры Презентации Детям Спорт

Махаббат сиқыры

Махаббат сиқыры
21 июня 2014
Начало: 18:30

Астана қаласы әкімдігінің Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры мамыр айының 13-14 жұлдызында драматург Сұлтанәлі Балғабаев шығармашылығындағы «Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек» атты шығарма желісі бойынша «Махаббат сиқыры» атты комедияның премьерасын назарларыңызға ұсынады. Қоюшы режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Суретшісі - Берік Бурбаев.

Жазушы-драматург С.Балғабаевтың «Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек» атты пьесасы заманауи оқиғалар негізінде жазылған. Шығармада әйел затының психологиясы арқылы шынайы өмір бейнеленеді. Бұл мұңлы комедияда пендешілік пен адамшылықтың ара-жігі астарлы оймен баяндалады. Басты кейіпкерлердің бірі Алпан (рөлді сомдайтын ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Малаев, Жанқалдыбек Төленбаевтар) бүгінгі қоғамдағы ерлер бейнесінің жиынтығы іспеттес. Ер мен әйел арасындағы күнделікті қарым-қатынастар, табиғи мінез-құлық оқиғаларды үздіксіз байланыстырып отырады. Кезекті жаңа туындының тұсаукесеріне асығыңыз, ағайын! 





 
     


Сегодня в кино
Трейлеры
Прайс-лист

Выбор категории:

Скачать прайс-лист



 

 

 

 

 

 

Обратная связь © 1987—2018 Группа компаний «Меломан»